- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» халықаралық фестивалі басталды
ҚР-да «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» халықаралық фестивалі басталды
Байқаудың ұйымдастырушылары Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының айтуы бойынша, осы жылы дәстүрлі Орталық Азиялық жоба өзінің ауқымын Азия-Тынық мұхиты аймағына дейін кеңейтті.
Жобаға 7000-нан астам жас суретшілер қатысады деп күтіледі, ал 2016 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласында Фестивальдің финалы өтеді. Оған Бангладеш, Вьетнам, Жапония, Корея, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Непал, Өзбекстан, Ресей, Тәджікстан, Тайланд, Түрікменстан, Үндістан, және т.б елдерден Фестивальдің 200-ден аса жеңімпаздар қатысады.
Жобаның негізгі мақсаты шығармашылық-дарынды балалар мен жастарды қолдау, мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністікті дамыту, сонымен қатар аймақ елдері өскелең ұрпағы арасындағы достық байланыстарды нығайту болып табылады.
Іс-шара бағдарламасына бейнелеу өнері мен сәндік-қолданбалы өнер саласындағы шеберлер өткізетін әртүрлі интерактивті тренингтар мен шеберлік-сыныптар кіреді. ЮНЕСКО-ның атаулы күні - Алматы қаласының 1000-жылдығын мерекелеуге байланысты «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» балалар шығармашылығының арнайы суретжинағының шығуы мен салтанатты презентациясы жобаның финалында өтеді.
Жоба ұйымдастырушылары балаларды суреттерін беруде тақырыбы мен өлшеміне шектеу қоймайды және 3 жастан 17 жас аралағындағы кез-келген бала қатыса алады. Өтініштер 2016 жылдың 1-сәуіріне дейін Ұйымдастырушылық Комитетінде қабылданады(ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Секретариаты, Алматы қ., Абай даңғылы 159). Байқау қазылары Азия елдерінің басқа да балаларымен бірге Фестиваль финалына шақырылатын, Астана мен Алматы қалалары және Қазақстанның 14 облысынан 5 жеңімпазды анықтайды.
Жобаға қатысу толық түрде тегін негізде жүзеге асады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар Алматы қаласында өтетін соңғы бөліміне келген жеңімпаз-балалардың барлық шығындарын өтейді.
Фестивальді қолдағандар: ҚР-ның Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры, Алматы қаласының Әкімдігі, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша ҚР-ның Ұлттық Комиссиясы, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы және ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігі.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды