Қазақстан Иранға вагондар мен электровоздарды жеткізуді жоспарлауда

8 Ақпан, 2016 17:23
Иранға қарсы санкция алынып тасталғаннан кейін ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешевтың басшылығымен алғашқы қазақстандық-ирандық бизнес-форум өтті. Ондағы негізгі тақырып сауда-саттық аясында ұйымдастырылған В2В мен «KAZNEX INVEST» АҚ арасында келісімді жүзеге асыру.

«Иран Қазақстан үшін маңызды сауда-экономикалық серіктес және ауқымды келісім шарттар оны растай түседі. Форум аясында Иранға қазақстандық  «Тұлпар-Тальго» ЖШС-ның 200 вагонын жеткізу мәселесі талқыланды. Иранға қарсы қойылған санкция алынып тасталғаннан кейін ірі компаниялар тауарларын экспорттауды бастады.  Иран нарығына «Электровоз Құрастыру зауыты» ЖШС-ның 70 вагонын, «Локомотив Құрастыру Зауыты» ЖШС-ның 75 магистральды тепловозын, «Актюбинский рельсобалочный завод» ЖШС 130 мың тонна және «RAILWAYS SYSTEMS» АҚ 5000 жүк вагондарын экспорттау жоспарлануда. Менің ойымша, Иранға Қазақстанның экспорт көлемін арттыруымыз керек»,-деді «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Хлопкопром – Целлюлоза» ЖШС мен Иранның ауылшаруашылық компаниялары арасында да келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, Кентау трансформатор зауытының өкілдері де ирандық компания өкілдерімен кездесті. Бұл бағыт бойынша да Иранға трансформаторлар жеткізу жайы сөз болды.

Иранда алғаш бірлескен кәсіпорын ашатын коммуникациялық құрылғылар шығаратын компания «Элтекс Алатау». «Элтекс Алатау» өзінің өндіріс технологиясын жеткізуді жоспарлап отыр. Iranian Telecommunication 3 млн. АҚШ доллары сомасында жобаны инвестицияламақ. Сонымен қатар, Батыс Қазақстандық машина жасау компаниясы Иран өндірушілермен бірлесіп мұнай құрылғыларын шығару кәсіпорынын бірлесіп ашу жағдайын зерттеуде.

Барлық жаңалықтар