• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Шегенов: Төрешілердің кәсібилігін біліктілік комиссиясы 5 жыл сайын тексереді

М.Шегенов: Төрешілердің кәсібилігін біліктілік комиссиясы 5 жыл сайын тексереді

8 Ақпан, 2016 16:37
Сот жүйесі аясында іске асырылған Ұлт жоспарын құру мақсатында біліктілік комиссиясы соттық қазылар алқасында төрешілердің кәсіптілігіне 5 жыл сайын тескеріс өткізіп отырады, деп ҚР Жоғары сот төрешісі, Жоғары сот бойынша соттың қазылар алқасының төрағасы Моряк Шегенов дөңгелек үстел барысында айтып өтті.

«Мемлекет басшысымен жарияланған реформа аясында, соттың қазылар алқасында 2 дербес комиссия құрылды: біліктілік  және тәртіптік. Олардың құрамына жұмыс істеп бүрген төрешілерден бөлек, зейнетке шыққан төрешілер кірді»,-деді М.Шегенов.

Оның айтуы бойынша, біліктілік комиссиясына соттың қазылар алқасы жанында 7 төреші- 2 Жоғары сот төрешісі, 2 облыстық төреші мен 3-зейнетке шыққан төреші кіреді.

«Біліктілік комиссиясы  5 жыл сайын төрешілердің  кәсіби лауазымдары тексерілетін болады. Яғни әр 5 жыл сайын олардың білімдері тексеріледі»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, ҚР Президенті жанындағы ОҚК-да «Ұлт жоспарын іске асыру аясында сот жүйесінің дамуы бойынша сарапшылардың пікірі: талдау, келешегі мен қауіп мүмкіндігі» тақырыбында төрешілер корпусы, құқықтану саласы бойынша сарапшылар, ҚР ІІМ өкілдері және ҚР Бас прокуратурасының қатысуымен дөңгелек үстел өтуде.

Барлық жаңалықтар