2013 жылы ҚР-да ЖІӨ-нің жоспарлы өсімі 153 млрд теңгені құрады

13 Қараша, 2013 12:19
Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі 34 444,3 трлн. теңгені құрайтынын, нақты өсімі жоспарланған алты пайыздық деңгейде сақтала отырып бұрын қабылданған көрсеткішке қарағанда 153,3 млрд. теңгеге жоғары болады, деп Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2013 жылы Жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі 34 444,3 трлн. теңгені құрайтынын, нақты өсімі жоспарланған алты пайыздық деңгейде сақтала отырып бұрын қабылданған көрсеткішке қарағанда 153,3 млрд. теңгеге жоғары болатыны жоспарланған», - деп хабарламада нақтыланған.

Хабарламада нақтыланғандай, 2013 жылы экспорт көлемі 87 536,7 млн. АҚШ доллары шегінде болады, импорттың көлемі 2 661,4 млн. АҚШ долларына ұлғайды және 53 834,0 млн. АҚШ долларын құрайтын болады.

«Аталған нақтылаудың негізгі міндеті – жылдың қорытындысы бойынша болжанатын қосымша түсімдерді және күтілетін толық игерілмеген бюджет қаражатын экономиканы қосымша ресурстармен қамтамасыз ететін және оң макроэкономикалық әсер ететін ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолымен ұтымды пайдалану болып табылады», - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, 2013 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері  5 242,5 млрд. теңге көлемінде немесе бекітілген бюджетпен (5 228,4 млрд. теңге) салыстырғанда 14,4 млрд. теңгеге ұлғаятыны анықталды.

«Кірістердің болжамы (трансферттердің түсімін есепке алмағанда) 3 608,3 млрд. теңге көлемінде бағаланады немесе бекітілген көлемнен 20 млрд. теңгеге жоғары, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша 6,9 млрд, теңге және салықтық емес түсімдер бойынша – 13,1 млрд. теңгеге ұлғаяды», - деп ведомствода нақтыланған. 

Барлық жаңалықтар