ИИДМБ: «Стеклянный дом» ЖШС 48 жұмыс орнын ашты

8 Ақпан, 2016 15:58
Астанадағы № 1 индустриалды парк аумағында «Астана-жаңа қала» АЭА «Стеклянный дом» ЖШС шыны өнімдерін өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Онда сөрелер, баспалдақтар, есіктер мен айналар және тағы басқа да қажетті бұйымдар жасалады. Кәсіпорын 2008 жылы 30 шілдеде жұмысын бастаған болатын. Бүгінгі таңда бұнда 350 млн. теңгенің өнімі өндіріледі. Сәйкесінше 48 жаңа жұмыс орыны ашылды.

«Біздің кәсіпорынның ерекшелігі сол сертификатталған инновациялық өнім шығаратын жалғыз кәсіпорынбыз. Негізі шыныдан майдаланған тәсілмен шығарылған өнім сертификатталмаған. Біздің өнім тексеріс пен барлық талаптардан өтті және біз оның сапасына кепілдік береміз. Бізге ірі құрылыс компаниялары мен жеке-меншік құрылысшылар тапсырыс береді», -деді Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне сұхбат берген зауыт директоры Александр Гаврилов.

2015 жылы кәсіпорын «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 150 млн. теңге қарыз алған болатын. Оның 17 млн. теңгесі «Даму» кепілдік қорынан берілді. Кәсіпорын бұл қаржыға ішкі нарықтағы жоғары сұранысты қамтамасыз ету үшін және сапалы өнім шығару мақсатында шыныны балқытып, суару пешін сатып алды.

 «Өнімнің басым көпшілігі қайта өңдеудің көмегімен жүзеге асады. Біз жылына 12 мың шаршы метр өнім өндіреміз. 2015 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры арқылы 10 пайыздан 14 пайызға дейін мемлекет субсидиялаған тиімді несие алдық. Осының есебінен жылына 20 мың шаршы метрге дейін өнім өндіруді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті кәсіпорын басшысы.

Айта кетейік, кәсіпорындағы  қазақстандық қамту  70 пайызды құрайды.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар