- Басты
- Жаңалықтар
- Парламент Сенатының бюросында Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді
Парламент Сенатының бюросында Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді
Сенаторлар 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы; Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді; 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінiң (объектiлері мен ұрыс алаңдары Қазақстан аумағында орналасқан) 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы; Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы Қазақстан аумағына орналасқан Ресейдің 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы; Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобаларын талқылайды. Бюрода сондай-ақ Үкімет енгізген заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттері арасында бөлінді.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенцияны ратификациялау туралы және Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны және Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобаларын жүргізу тапсырылды.
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне «Ақпарат саласындағы қылмыстық әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы берілді. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті Қазақстан мен Корея Үкіметтері арасындағы Кореядағы Қазақстан азаматтарының және Қазақстандағы Корея азаматтарының ішкі корпоративтік ауысулар шеңберіндегі уақытша еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бойынша жұмыстарға басшылық ететін болды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары