• Басты
  • Жаңалықтар
  • В.Косарев: ҚКХП мүшелері алдағы сайлауда сайлаушылар тарапынан жоғары сенімге ие болудан үмітті

В.Косарев: ҚКХП мүшелері алдағы сайлауда сайлаушылар тарапынан жоғары сенімге ие болудан үмітті

8 Ақпан, 2016 15:37
Қазақстанның коммунитік халықтық партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына ұсынған тұлғалар сайлауда өздерінің мәртебесіне қарай бағаланатындығына сенімді, деді ҚКХП орталық комитетінің құрметті хатшысы Владислав Косарев ОСК-да журналистерге.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының партиялық тізімін бекітті. В. Косарев партия мүшелері алдағы сайлауда сайлаушылар тарапынан жоғары сенімге ие болудан үмітті екенін атап өтті.

«Біздің партия Орталық сайлау комиссиясында тіркелді. Съезде айтылған барлық үміткерлер сәйкесінше куәліктерге ие болды. Сайлаушылар тарапынан сенім жоғары болмақ, себебі біз айтып қана қоймай, оларды жүзеге асырамыз. Партия қарапайым адамдар үшін әрекет жасағандары туралы айта алады. Депутаттыққа үміткерлерді насихаттау жүргізу үрдісінде тағы кездесеміз деген ойдамын», - деді ол.

Айта кетейік, 20 наурызда Мәжіліс пен барлық  деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын сайлауы өтеді.

 

 

Барлық жаңалықтар