Қазақстанда жасалған постаматтар іске қосылды

8 Ақпан, 2016 18:26
«Қазпочта» АҚ Қазақстан бойынша постаматтар желісінің қосылуын хабарлайды. Биылғы жылы, постаматтар Қазақстандық өндіруші зауытында жасалып, компания бюджетін едәуір сақтады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«Бүгінгі таңда, елімізде 100-ден астам постамат қызмет көрсетуде, оның 86 станциясы Қазақстанда жасалған. Постаматтарға сұраныс тез өсуде, 2014 жылда, 3 ай ішінде, Алматы, Қарағанды және Астана қаласында орнатылған 17 постамат арқылы 478 сәлемдеме берілген болса, 2015 жылы 29 946 сәлемдеме беріліп, 2016 жылдың қантар айында ғана клиенттер 8,5 мың сәлемдемені постамат арқылы қабылдады» - деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметі бөлісті.

Постамат – сәлемдемелерді қабылдауға арналған, автоматтандырылған пошта станциясы. Интернет-дүкендерден келетін тауарларды қабылдаудың ыңғайлы тәсілі ретінде іске қосылып, бір жүйеге келтірілген, жасақталған, әртүрлі көлемді 54 ұяшықтан тұрады.

Сәлемдемені қабылдау үшін, клиент СМС арқылы келген кодты постаматтың сенсорлы экранында теріп, есігі автоматты түрде ашылатын ұяшықтан сәлемдемесін алады.

Көбінесе, постаматтар сауда орталықтары, вокзал сияқты тәулік бойы жұмыс істейтін  қоғамдық жерлерде орнатылады. Сондықтан, сәлемдемені кез-келген ыңғайлы уақытта қабылдауға болады.


 

Барлық жаңалықтар