• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Ерімбетов: Тегін техникалық білім халықты әлеуметтік проблемадан қорғайды

Н.Ерімбетов: Тегін техникалық білім халықты әлеуметтік проблемадан қорғайды

8 Ақпан, 2016 15:49
2017 жылдан бастап енгізілетін тегін кәсіби-техникалық білім халықты әлеуметтік проблемадан қорғайды, деп Қазақстанның Азаматтық альянсының көшбасшысы Нұрлан Ерімбетов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Мемлекет басшысы жолдау кезінде еліміздің азаматтарына сөз сөйледі. Өзіме Елбасымыздың-өз болашағыңды алдамай, қаражат шегінде өмір сүріп, оңтайлы болып, бір орында отырмай түрлі елдерге саяхат жасап, жұмыс іздеу керектігі жайындағы  сөзі, тілегі ұнады.  Жұмыс мамандығын алу- бұл жастарға деген үндеу болды. Кәсіби-техникалық білім беру енгізілуде»,-деді Н.Ерімбетов.

Естеріңізге сала кетейік, Президент  Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 30 қарашасындағы Жолдауында 2017 жылдан бастап «Барлығына арналған тегін кәсіби-техникалық білім» атты жаңа бағдарламасы іске асырылатындығын айтып өтті. Осыған орай, Үкіметке бағдарлама жұмысын жалғастыру бойынша тапсырмалар берілді.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар