• Басты
  • Жаңалықтар
  • Солтүстік Қазақстан облысында жұмыспен қамту орталықтарына барғандардың 97,5%-ы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушылары атанды

Солтүстік Қазақстан облысында жұмыспен қамту орталықтарына барғандардың 97,5%-ы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушылары атанды

13 Қараша, 2013 12:00
Кеше, 12 қарашада Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Облыс бойынша жұмыспен қамту орталықтарына барған жұмыссыз азаматтардың «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына қатысуы артып келеді. Солтүстік Қазақстан облысында жұмыспен қамту орталықтарына барғандардың 97,5%-ы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушысы атанған. Ал Шығыс Қазақстан облысында өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 91,5%-ға артты», - делінген хабарламада.

Мембағдарламаға қатысушылардың көпшілігі Ақмола облысында 82,8 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында 90,2 пайыз тұрақты және уақытша жұмысқа орналасқан.

Сонымен қатар, еңбек және халықты әлеуметітк қорғау министрі Тамара Дүйсенова жекелеген мәселерді де атап өтті: бағдарламаға қатысушылардың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткендер  үлесінің аздығы, жастар арасында жұмыссыздықтың көптеп көрініс  табуы және уақытша жұмыспен қамтылғандар санының көптігі.

Отырыс қорытындысы бойынша, облыс басшыларына аталмыш мемлекеттік бағдарлама мен еңбек нарығындағы мониторинг көрсеткішін жақсарту, кәсіби бағыт бойынша мақсатты шараларды ұйымдастыру және дайындау, өзін өзі жұмыспен қамтып отырған халық пен жастарды мемлекеттік бағдарламаға тарту, мемлекеттік бағдарлама туралы азаматтарды ақпаратпен қамтамасыз ету тапсырмалары берілді.

Барлық жаңалықтар