Р.Пак: Межеленген міндет пен тапсырмалар бәрімізге ортақ

8 Ақпан, 2016 13:16

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде алдағы саяси науқанға дайындық барысы сөз болды. Негізгі міндеттеріміз талданып, басты басымдықтар сараланды, деп мәлімдеді Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, ОҚО корей этномәдени бірлестігінің төрайымы, №45 мектеп-гимназияның директоры Роза Пак.

«Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы: «Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз» дей келе, дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарудың бес бағыттын көпшілік назарына ұсынып, Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамды іске асыру үшін «Нұр Отан» партиясына ерекше орын беретінін айтты. Бұдан түйеріміз межеленген міндет-мақсаттарға жұмылдыру сынды жауапкершілігі мол жұмыс баршамызға сеніп тапсырылды»,-деп аттап өтті ол.

«Өзім оңтүстіктегі корей этномәдени бірлестігі атынан көшбасшымызды толық қолдайтынымызды жеткізгім келеді. Себебі, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына нық қадам басқан егемен еліміздегі салиқалы этносаралық саясаттың нәтижесінде әлемдік экономикалық қиындықтарға қарамастан түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі бекемделіп, ырыс-берекесі артып келеді.

Сондай-ақ, ол алдағы сайлауда Қазақстанның қамын, өз отбасының ертеңін ойлайтын ел азаматтарының ел болашағы үшін таңдау жасайтынына сенімді екенін жеткізді. 

Қанат Тұраров

Барлық жаңалықтар