К.Мәсімов БҰҰ бас хатшысының орынбасары Шамшад Ахтармен кездесті

8 Ақпан, 2016 14:09
Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов БҰҰ бас хатшысының орынбасары, Азия мен Тынық Мұхитына арналған БҰҰ экономикалық және әлеуметтік комиссиясының атқарушы хатшысы (ЭСКАТО) Шамшад Ахтармен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен ЭСКАТО-ның екіжақты және көпжақты ынтымақтастығын нығайту мәселелері талқыланды.

Үкімет басшысы Қазақстан БҰҰ ЭСКАТО мен Алматыдағы субөңірлік бөліммен серіктестікті жоғары бағалайтындығын айтып, көпжақты ынтымақтастық жүргізіп, қазақстандық бастамаларды ілгерілетуді атап өтті.

 

 

Барлық жаңалықтар