- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы Жаңаөзен қаласында 25 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілді – әкім
2015 жылы Жаңаөзен қаласында 25 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілді – әкім
Оның айтуынша, қалада екі спорттық және ойын алаңдары және сауда ойын-сауық орталығы салынған. Сонымен қатар, «Мамыр» және «Мерей» шағын аудандарының авто жолдары мен қорғаныс істері ғимараты пайдалануға беріліп, 9 көшенің электр жүйесі жаңартылған.
«Жалпы, Жаңаөзен қаласы бойынша 25 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 13%-ға артық. Сонымен қатар, 90 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды»,-деп атап өтті қала әкімі.
2012-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау барысында 46 жобаны іске асыру үшін 42 млрд. теңге бөлінген болатын. Тек өткен жылы 15 жобаға 6 млрд. теңге қарастырылған.
«2016 жылы кешенді жоспар бойынша 30 мың текше метр таза ауыз су шығаратын су тазалағыш мекеменің құрылысы, «Жұлдыз» және «Мерей» шағынаудандарын сумен жабдықтау жүйелері, 50 орындық стационар мен медициналық емдеу орталығы, орталық жылу қазандығын 4 этап бойынша қайта жаңғыртып, шағын ТЭЦ-ке ауыстыру сияқты кешенді жұмыстар жүргізіледі»,-деп хабарлады Е.Абилов.
Сондай-ақ, ол өткен жылы шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес пен инженерлік инфроқұрылымды дамытуға 1,1 млрд. теңге бөлінгенін де атап өтті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді