Тегеранда Қазақстан-Иран іскерлік кеңесі өтуде

8 Ақпан, 2016 15:03
Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранда Қазақстан мен Иран іскерлік кеңесі өз жұмысын бастады, деп хабарлады ҚР Сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметі.

Қазақстанның сыртқы сауда басқармасының төрағасы Мейірбек Мәжитов кездесу барысында «біздің елдердің іскерлік кеңесінің жұмысын белсенділету мақсатында ІК жұмысын нығайтатын бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстарды қарауды ұсынамыз. Мәселен, іскерлік ортада бәсекелестіктің кеңеюіне мүмкіндік жасау, проблемаларды зерттеу, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға келтіретін кедергілерді жою.

Қазақстандық өнімдерді Иран нарығына (металлөнімдері, құрылыс материалдары, жентек, астық және т.б.) экспорттау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты «сауда миссиясы» өткізіледі (сатушылар мен тұтынушылардың кездесуі).

Сапар аясында «Бәйтерек» ҰБХ мен «KAZNEXINVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттіктің ұйымдастыруымен Қазақстан-Иран бизнес-форумы өтеді. Форумда инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік жобалар бойынша ынтымақтастықты дамыту, сонымен бірге бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланады.

 Иранда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері және шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларының тұсаукесері өтеді. Бизнес-форумға Қазақстанның 40-тан астам ірі кәсіпорындарының және Иранның 150 ірі корпорациясының өкілдері қатысты.

Барлық жаңалықтар