• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Нәбиев: ШҚО-да сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған әдістемелік жұмыстар жүргізілуде

Е.Нәбиев: ШҚО-да сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған әдістемелік жұмыстар жүргізілуде

8 Ақпан, 2016 15:18
Шығыс Қазақстан облысында Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат сайлауына орай сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренинг жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысының сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Облыста сайлау науқанында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Сайлау комиссияларының құрамы анықталуда. Ү.ж. 20 наурыз айында болатын сайлауға 1 416 комиссия қатысады, олардың ішінде 1 075 учаскелік, 43-і облыстық мәслихаттың  депутаттарын сайлау  бойынша  округтік сайлау комиссиясы, 205-і  облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссиясы, 73-і қалалық  мәслихат депутаттары бойынша округтік сайлау комиссиясы  және 20-ы аумақтық сайлау комиссиясы орналасқан»,-деді Е.Нәбиев.

Сондай-ақ, 2016 жылдың 20 қаңтарынан бастап сайлау округтері бойынша маслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну басталды. 

«Жұмысқа аумақтық және округтік сайлау комиссиялары кірісті. Олардың жұмыс кестесін құрастырдық.  Қазіргі күні округтік сайлау комиссиялары мәслихат депутаттарының талаптарына сәйкес кандидаттарды белгілеуде»,-деді ол.

Сондай-ақ, дайындық жұмыстары барысында кандидаттардың жеке куәліктері тапсырысқа берілді.

«ҚО ОСК-да  әдістемелік материалдар, плакаттар сайлау комиссияларына жіберілді. Сонымен қатар, сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, Өскеменде, Семей мен Бесқарағай және Абай аудандарында Парламент Мәжілісі мен масслихатында  өтетін сайлау жұмыстарына дайындық  сұрақтары бойынша семинарлар  өткізілді»,- деді Е.Нәбиев.

«Күнтізбелік жоспарға сәйкес  БАҚ-та сайлау учаскелерінің аймағы, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының  хабарламалары басылды»,-деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар