- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ұлыбритания тәркіленген активтерді қайтару үрдісін қайта қарайды
Қазақстан мен Ұлыбритания тәркіленген активтерді қайтару үрдісін қайта қарайды
Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт 2015 жылы 3 қарашада Лондон қаласында жасалған. Шарт Қазақстан мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның құзыретті органдарының қылмыстық істер бойынша, сондай-ақ сот және соттан тыс рәсімдер бойынша тергеу және қылмыстық қудалауда өзара құқықтық көмек көрсету мәселелеріндегі өзара іс-қимыл мәселелерін регламенттейді.
«Бұл шарттың тәркіленген активтерді қайтару және бөлу бойынша өз ерекшеліктері бар. Әдетте тараптар тәркіленген активтерді өзара тең бөледі. Бірақ, біз бұл шартта ағылшындармен кейбір жағдайларда активтерді ерекше тәртіп бойынша бөлу туралы келісімге келдік. Бұл орайда мемлекеттің ұрланған қаражаты бөлінбейді және толық көлемде қайтарылатынын атап өту керек. Тек оны қайтаруға жұмсалған шығын ғана өтеледі», - дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель.
ҚР Бас прокуратурасы шартты іске асыруға жауапты орталық орган болып табылады.
«Ұлыбритания мемлекеті Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты Еуроодақ елдерінен бұрын Қазақстанмен жасасуы Елбасының халықаралық аренадағы беделінің жоғары екенін, Қазақстан дипломатиясы және Бас прокуратура жұмысының жүйелі түрде ұйымдастырылғанын көрсетіп отырғанын атап өту қажет деп санаймын», - деді Сенат депутаты Бектас Бекназаров.
Оның айтуынша, депутаттардан ескертпелер мен ұсыныстар түскен жоқ. Заңды қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды, мемлекеттік бюджеттен шығындарды қажет етпейді. Заң жобасы енді Сенаттың жалпы отырысында қаралатын болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды