Сенатта табиғи ішіктен жасалған киімді таңбалау мәселесі қаралды

8 Ақпан, 2016 11:48
Парламент Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында табиғи ішіктен жасалған киімді таңбалау мәселесі қаралды.

Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев атап өткендей, бұл үрдіс заңды кіргізу мен сатуды ел шекарасында жүзеге асырады.

Оның айтуынша, «2015-2016 жылдарға арналған тауарларды таңбалаудың пилоттық жобасын жүзеге асыру келісім ратификациялау туралы» заңы еі бірінші кезекте тұтынушылардың құқығын қорғауға бағытталған.

«Бар әлем тауарлардың таңбалануына көшуде. Қазіргі таңда Қазақстанда табак өнімдері, шарап-арақ өнімдері таңбалануда. Бұл тұтынушылардың қорғанысына бағытталған шара. Таңбалау тұтынушыларға бұл тауарлардың ресми тіркелгенін, құрамы туралы ақпарат береді. Тауар туралы барлық ақпарат таңбада көрсетіледі», - деді А.Теңгебаев.

Вице-министр түсіндіріп өткендей, тон ішіктер өнімін таңбалау жоғары баға бойынша қаралды.

«Бізде бірыңғай экономикалық кеңістік. Сондықтан да тауарлардың келуін бақылау қажет. Біз арзан емес тауарларға таңбалау енгізуді қарастырғанбыз. Сондықтан да тон ішіктерді таңдадық», - деді А.Теңгебаев.

 

 

Барлық жаңалықтар