• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжілісмендер «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады

Мәжілісмендер «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады

13 Қараша, 2013 11:52
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде төменгі палата төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен пленарлы отырыс өтті. Онда депутаттар «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, Түзетулердің нәтижесінде ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға экономиканың басым секторларына 100 137 816 мың теңге қосымша қаржы қарастырылды, соның ішінде:

- «Жезқазған-Бейнеу» теміржол желісін салуға 30,0 млрд.теңге;

- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға 30,0 млрд. теңге;

- ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындыққа 20,0 млрд. теңге;

- «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде Астана қаласының апатты жағдайдағы тұрғын үйін бұзу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға берілген «Самұрық-қазына» ҰӘАҚ» АҚ алдындағы несиені қайтару жөніндегі міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау үшін 20 млрд. теңге көзделіп отыр.

 

Барлық жаңалықтар