- Басты
- Жаңалықтар
- С.Түгел: Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізудің өзіндік маңыздылығы бар
С.Түгел: Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізудің өзіндік маңыздылығы бар
«Біздің алдымызда межелі міндеттер тұр. Сондықтан, қоғамда қызу талқыға ие болған кезектен тыс Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттар сайлауларын өткізу туралы үндеудің өзіндік маңыздылығы бар. Басты нысана әлемдік экономикалық дағдарысқа төтеп бере отыра мемлекеттің экономикасын дамытумен қатар, қоғамды серпіліске түсіретін жаңа құқықтық орта қалыптастыру болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұтас мемлекеттік даму бағдарын айқын саралап берді. Біз осындай кезеңде шапшаң қимылдап, ел экономикасын бірігіп үдетуіміз керек және тез шешім қабылдауымыз қажет. Ең алдымен елдің бірлігі ауадай қажет. Біздің халықтың тарихтың небір ауыр кезеңдерінен осы ынтымақ пен бірліктің, ауызбіршіліктің арқасында абыроймен өткенін естен шығармау керек»,-деп атап өтті С.Түгел.
Ол бұл сайлау Қазақстанның әлемдегі 30 елдің қатарына енуіне ықпал жасайтын «Ұлы Дала елі», «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру мақсатында еліміздің дамуына жаңаша серпін беретін мемлекетшіл, отаншыл, ұлтжанды жаңа пішімдегі депутаттарды сайлап, Елбасы саясатының арқасында кәсіби және зияткерлік даму жолында Ұлы Дала елі ұрпақтарын әлемге танытуға, жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретініне сенімді екенін жеткізді.
«Бұл орайда, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының терең ойластырылған батыл қадамы «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени - әлеуметтік қозғалысының көңілінен шығып отыр. «Ұлы Дала» - ұлтымыздың кіндік қаны тамған, ата-бабаларымыздың қаны мен тері сіңген құт қонған, ұялы мекені.
Мәжіліс депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы бастамасына саяси партиялар да, қоғамдық ұйымдар да, жалпы қазақстандықтар да қолдау білдіріп жатқандығы ел бірлігінің белгісі. Халықтың үмітін ақтап келе жатқан көшбасшы – «Нұр Отан» партиясын да қазақстандықтардың басым көпшілігі қолдайды және оның іскерлігі мен табандылығына сенім артады. Ендігі мәселе жұмыла біргіп, іске кірісуге, білекті сыбанып еңбек етуге келіп тіреледі. Бағдарлама бар, басым бағыттар айқындалды, оларды жүзеге асыру үшін не істеу керектігі нақтыланды. Бұл бағытта әрбір Қазақстандық өзіндік үлес қосатындай шаруа тындырса, еліміздің дағдарысты еңсеріп қана қоймай еліміздің дамуына серпін берері сөзсіз», деді «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени - әлеуметтік қозғалысының тең төрағасы Сәдібек Түгел.
«Өз басым бұл дер шағында көтерілген бастама және өте орынды шешім деп есептеймін. Мемлекет басшысы «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» бағдарламасында Ұлт Жоспарын жүзеге асырудың тәжірибелік тетіктерін нақтылап берді. Құрылғанына 5 жыл толып отырған, ұраны «Бірлігі мықты ел озады» деп аталатын «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени - әлеуметтік қозғалысының қырандары да дер кезінде қабылданған бастаманы бірауыздан қолдайды. Осы орайда, Елбасымыздың берген нақты тапсырмаларын толыққанды орындау мақсатында еліміздің Парламент Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлау өте орынды әрі ұтымды бастама деп есептеймін»,- деп атап өтті С.Түгел.
Қанат Тұраров
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек