• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта ЕАЭО мен Вьетнам елдері арасындағы еркін сауда туралы заң жобасы қарастырылды

Сенатта ЕАЭО мен Вьетнам елдері арасындағы еркін сауда туралы заң жобасы қарастырылды

8 Ақпан, 2016 11:12
Парламент Сенатының кеңейтілген отырысында экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті ЕАЭО мен Вьетнам елдері арасындағы еркін сауда туралы заң жобасын қарастырды. Жобаны таныстыру барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов екі жақтың міндеттерін нығайту туралы айтып өтті.

«Келісім зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі тараптардың міндеттемелерін нығайтады, электрондық коммерция, тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық саласын айқындайды»,-деді Т.Жақсылықов.

Сондай-ақ, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау  және мемлекеттік-мүшесі бір бір жағынан және Вьетнам Социалистік Республикасы екінші жағынан» заң жобасы  елдің дамуына теріс әсерін бермейді.

«Келісім екі жақ арасында сауда реттілігі тараптарын қарастырадлы, кедендік қызметтер мен мемлекеттік органдар арасындағы тығыз ынтымақтастық негізіндгі техникалық,  санитарлық жақтарын қарастырады. Келісім ЕАЭО мен Вьетнам елдері арасындағы саудалық жағын нығайтады»,-деді Т.Жақсылықов.  

«2014 жылдың  деңгейі бойынша импорттың көлемін сақтау тарапынан әкелу баждарын жою арқылы республикалық бюджеттің шарттын 2016,2017,2018 жылдары 485 млн теңгені құрайды. Бұл шығындар Республикалық бюджеттік комиссиясымен келісілген»,-деді ол.

Заң жобасы отырыс барысында бекітілді.  ҚР Парламент Сенатының  отырысында ұсыныс жасауға шешім қабылданды.

Барлық жаңалықтар