- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Мәсімханұлы: Ұлт жоспарын жүзеге асырсақ, дамыған 30 елдің қатарына енеміз
Д.Мәсімханұлы: Ұлт жоспарын жүзеге асырсақ, дамыған 30 елдің қатарына енеміз
Біз дағдарыс жағдайында Елбасы ұсынған бағытпен жүріп, Елбасы жүктеген тапсырма-міндеттерді орындаумен ғана өзіміз мақсат еткен биікке қол жеткізіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз, дейді Strategy2050 ақпарат агенттігіне берген сұхбатында белгілі шығыстанушы Дүкен Мәсімханұлы.
«Дағдарыс жағдайында біз Елбасы ұсынған бағытпен жүріп, Елбасы жүктеген тапсырма-міндеттерді орындаумен ғана өзіміз мақсат еткен биікке қол жеткізіп, қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз. Дәл қазіргі экономикалық тығырық, дәлірек айтқанда қаржылық дағдарыс, бұл тек біздің елдегі ғана жағдай емес, әлемді тұтас шарпып отырған қиындық екені түсінікті. Соның өзінде, біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салихалы да сарабдал саясатының арқасында қатты "дағдармай-ақ" қиындықтарды еңсеріп келе жатырмыз. Осы орайда әсіресе Елбасымыздың тұтас ел халқы мен атқарушы биліктің алдына қойып отырған Ұлт жоспары "100 нақты қадам", "Бес институционалдық реформа", "Нұрлы жол", "Қазақстан-2050" қатарлы стратегиялық жалпыұлттың дамуы мен гүлденуіне арналған іргелі бағдарламарының жөні тіптен бөлек. Бұның өзі түптеп келгенде біздің еліміздің дағдарыс жағдайында емес, керісінше даму мен гүлденудің жолында екендігімізді көрсетіп береді. Бұл туралы Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс XVII съезінде сөйлеген сөзінде партия мүшелері мен жалпы халыққа жан-жақты түсіндіріп берді. Елбасы осы съезде жасаған баяндамасының бір тұсында "егер қаласақ, бір АҚШ долларын бір теңге деңгейінде ұстап тұруымызға да болар еді, алайда айналамызда болып жатқан экономикалық тығырық жағдайында одан тек біз ғана ұтыламыз" деген мазмұндағы пікірінің көптің көңілінен шыққаны ақиқат»,-деп атап өтті Д.Мәсімханұлы.
Сондай-ақ, шығыстанушы ғалым «біздің еліміздің экономикасы дәл қазір отқа оранып, суға сүрініп отырған жоқ. Ұлттық қорымыздың қоржыны тоқ. Алайда жағдайымыз жаман емес екен деп, қалтамызды елге қақтыруға бола ма?! Себебі біз жеке дара өмір сүріп отырған немесе жабық мемлекет емеспіз, керісінше ашық қоғамы бар, демократиялық мемлекетпіз»,-деп атап өтті өз сөзінде.
«Маңайымыздағы елдің бәрі бағаны бір-біріне қарап белгілеп отыр. Сондықтан бұл жағдайға қазіргі кезеңде түсіністікпен қарау парыз. Президентіміздің Ұлт Жоспарын жүзеге асыра отырып, дамыған 30 елдің қатарына қосылуды көздеудеміз. Ұлт Жоспарының әр қадамы кемел келешекке жетелеп, мемлекетке деген халықтың сенімін арттырды. Мұның өзі қарапайым халыққа шынайы қолдау болды. Көшбасшымыз дағдарыс кезеңінде дағдармай, нақты бағыттар бойынша жұмысты жалғастырудың жолын көрсетіп берді. Міне, енді дағдарыс тұманы сейіліп, халық көңілі серпілгендей болып отыр»,-.дейді Дүкен Мәсімханұлы.
Қанат Тұраров
Сурет жеке мұрағаттан алынды
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері