- Басты
- Жаңалықтар
- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларынан өтемақы төлеуге байланысты қосымша келісімдер қабылдауды бастайды
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларынан өтемақы төлеуге байланысты қосымша келісімдер қабылдауды бастайды
Өтемақы төленетін салымдардың жалпы сомасы бүгінгі күні 171,9 млрд. тенгені құрап отыр.
«Бағамдық айырмашылық бюджет қаражаты есебінен және банктің меншікті қаражатынан төленеді», - делінген хабарламада.
ҚТҚЖБ баспасөз-қызметінің хабарлауы бойынша, салым сомасына ешқандай шектеулер қойылмаған. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 2015 жылдың 18 тамызына дейін ашылған депозиттердегі салымдарға ғана өтемақы төленеді. Ал, мынандай жағдайларда ТҚЖ салымына өтемақы төленбейді:Салым 2015 жылғы 18 тамызға дейін берілген тұрғын үй, алдын ала тұрғын үй және аралық тұрғын үй заемдары бойынша қамтамасыз етуде тұрған болса;Ақша салу күніне баспананы сатып алу-сату шарттары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы №383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында кейіннен сатып алумен жалға алу шарты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы, өңірлік тұрғын үй бағдарламалары аясында жасалған болса; Банктің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгіленген мерзім аясында қосымша келісімге қол қойылмаған жағдайда.
Тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарына жасалатын қосымша келісімге қол қою (бұдан әрі - келісім) 2016 жылдың 8-ші ақпанынан басталып, 1-ші маусымына дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, ұлттық валюта бағамы өзгеріске ұшырағаннан кейін Мемлекет басшысы Үкіметке ҚТҚБЖ салымшыларының жинағын сақтау бойынша дербес механизм қарастыруды табыстаған болатын. Өткен жылдың соңында «Бәйтерек» басқарушы Холдингі ҚР Қаржы министрлігімен, Ұлттық экономика министрлігімен, Инвестиция және даму министрлігімен әрі Ұлттық Банкпен біріге отырып, өтемақы төлеудің оңтайлы тетігін әзірлеген еді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма