- Басты
- Жаңалықтар
- Саптық айла-тәсілдердегі жаңа өзгерістер әскери қызметшілердің ағзасына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді
Саптық айла-тәсілдердегі жаңа өзгерістер әскери қызметшілердің ағзасына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді
Енді әскери қызметшілердің адымының ұзындығы 80-нен 70 сантиметрге дейін қысқарды, адым жылдамдығы минутына 120-дан 105 қадамға дейін, ал адымның биіктігі 20-дан 15 сантиметрге дейін азайтылды. «Бұл күнге дейін қолданылып келген саптық адым күрделенген болатын және ұзақ жылдар бойы қолданылып келді. Қазіргі заманғы қазақстандық әскери қызметшінің толық амунициядағы жауынгерлік жарақтандырылуы 25 келіге дейін жетеді.
Сәйкесінше, әскери қызметшінің сапта ұзақ қашықтыққа алмасуы анағұрлым күш-жігерді қажет етеді», - деді ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасының (әскерлер қызметі жөніндегі) бастығы полковник Алексей Скорняков. Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында зерттеу жүргізілді. Жұмыс тобы ұдайы негізде әрекет ететін армияның тәжірибесін зерделеді.
Оның нәтижелері мен медициналық көрсетілімдері бұдан бұрын қолданылған саптық адым әскери қызметшілердің сүйек-бұлшық ет жүйесіне артық жүктеме түсіргенін растайды. Ал жаңадан енгізілген өзгеріс әскери қызметшілердің сүйек-бұлшық ет жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға, жауынгерлік тапсырмаларды орындау алдында олардың шаршауын төмендетуге, саптың тәртібін, саптағы түзелуді арттыруға мүмкіндік туғызды. Одан басқа, көзбен шолып қарағанда адым жасау аса бір өзгеріске ұшыраған жоқ. Қорғаныс министрлігінің бастамасын ҚР ҚК басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері де бірауыздан қолдап, Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысымен бекітілгенін айта кетейік.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді