• Басты
  • Б.Оспанов: Жолдау – зор жауапкершілік жүктейді
8 Ақпан, 2016 11:33

Б.Оспанов: Жолдау – зор жауапкершілік жүктейді

Б.Оспанов: Жолдау – зор жауапкершілік жүктейді | Strategy2050.kz

Жолдау – зор жауапкершілік жүктейді, деп мәлімдеді Strategy2050.kz  АА берген сұхбатында «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының орынбасары Берік Оспанов.

«Мемлекет басшысы Жолдау барлық партия  мүшесі үшін іс-қимыл негізі және таяудағы жылдарға арналған бағдарлама болуы тиіс. Кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адамдарды жұмылдыру, қойылған барлық міндеттерді орындауда біріктіру керек. Партиядан сайланған депутаттар дағдарысқа қарсы және құрылымдық қайта жаңғыруларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етулері тиіс» – деді. Бұдан түйеріміз Жолдауды жұртшылыққа жеткізу, тиянақты түсіндіру, межеленген мақсаттарға жұмылдыру сынды жауапкершілігі мол жұмыс бізге тапсырылды»,-деп атап өтті ол.

Берік Оспановтың айтуынша, облыстағы партия мүшелері Жолдау жүктеген міндеттерді іске асыруда белсенділік танытып, ауқымды әрі кешенді шараларды нәтижелі нақтылы іс-шаралар аясында мәслихаттардағы фракция мүшелері тындырымды тірлік атқарады.

«Депутаттарымыз өз округтеріндегі сайлаушылармен тығыз байланыста жұмыс жасап, Жолдауды қарапайым тұрғындар арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру бағытындағы нәтижелі шараларды қолға аламыз. Сонымен қатар, аталған шараларды жандандыруға өңірдегі 19 аумақтық партия филиалы мен 318 бастауыш партия ұйымын, 107 мыңнан астам партия мүшелерін және «Жас Отан» жастар қанатын Жылдың басты құжатында еліміздің экономикалық, әлеуметтік және т.б. салалардың негізгі басымдықтары тиянақты саралануымен қатар, әр бір ел азаматын ойландырған мәселелердің шешу жолдары қамтылды. Әлеуметтің әлеуметтік жағдайына басымдық берген Жолдауға қоғам тарапынан ерекше мән берілді»,- дейді «Нұр Отан» партиясының ОҚОФ төрағасының орынбасыры.

«Президент әлемде орын алып отырған нақты жаһандық ахуалда экономикалық өсу, нәтижелі реформалар жасау мен дамудың  даңғыл жолын айрықша айқындап берді. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Мемлекет қандай жағдайда да әлеуметтік міндеттемелерін шашау шығармай орындап келеді. Жаңа жылдан бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейеді. Осының барлығы халықтың болашаққа сеніммен қарап, алаңсыз өмір сүруіне толық негіз болады» деп атап өтті. Яғни, бұл мемлекетіміздің дағдарыс кезінде әлеуметтік міндеттемелерді толығымен әр алдағы кезеңнің стратегиялық маңызды құжаты саналатын Жолдауда ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделген жоспар екендігі айрықша айтылып, егемен еліміздің өсіп-өркендеуі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін кешенді шаралар ұғынықты баяндалды», деп нақтылады ол пікірін.

Сондай-ақ, ол Жолдауда дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағыты, атап айтқанда: қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялық саясаттың негіздері мен жаңа әлеуметтік саясат көпшілік алқалы жиында елімізде жасалатын бұйымдарға қойылатын басты критерилер аталғанын да атап өтті.

«Оңтүстікқазақстандық «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің Жолдау жүктеген міндеттерді орындауға мүмкіндігі жеткілікті. Ұлт көшбасшысы тапсырған мерейлі міндеттерді сапалы атқару барша қазақстандықтарға ортақ іс. Ендеше, қуатты Қазақстанды бірге құру жолында талмай, қажырлы еңбектеніп, «Мәңгілік Ел» мұратында бірлесе, үйлесімді жұмыс жасауға шақырамын»,-деді Берік Оспанов.

Қанат Тұраров 

Сурет жеке мұрағаттан алынды 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды