Павлодар облысында 72 отбасы пәтерге ие болды

8 Ақпан, 2016 18:09
Павлодар облысында 72 тұрғыны жаңа пәтердің кілтіне қол жеткізді. Гагарин көшесі, 76/3 мекенжайы бойынша жалпы аумағы 4 544,28 шаршы метрді құрайтын 9 қабатты, 2 подъезді үй бой көтерді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Біз үшін тұрғын үй салу ісі жалпы ұлттық сипаттағы маңызды міндет және әлеуметтік саясаттың басты бағыты болып табылады. Тұрғын үй құрылысының барлық басталған жобаларын уақтылы аяқтайтын боламыз»,- деп атап өтті облыс әкімі Қанат Бозымбаев.

Павлодар облысында 2015 жылы «Қолжетімді тұрғын үй – 2020», «Аймақтарды дамыту» бағдарламалары аясында 9 тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда 4 үй пайдалануға берілді, Толстой көшесі, 96 мекенжайы бойынша тағы бір үйдің құрылысы аяқталуға жақын.

Баспанаға зәру азаматтардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында «Сарыарқа» тұрғын үй кешені салынуда. Облыстық бюджеттен қоныс аударушыларға арналған 5 үйдің құрылысына 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлініп отыр.

 

Барлық жаңалықтар