ОҚО-ның Сарыағаш ауданында 40-қа жуық бейне бақылау камерасы орнатылады

8 Ақпан, 2016 11:03
Сарыағаш ауданында құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 33 бейне бақылау камералары орнатылған, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Аудандық ішкі істер басқармасының кіші жедел басқару орталығымен бақыланатын құрылғылар 2014 жылдан бері қойыла бастаған болатын.

Аталған жедел басқару орталығының көмегімен 47 қылмыс көп ұзамай ашылып, құқықбұзушылықты анықтау үлесі 6,2 пайызға жоғарылап отыр. Екі жылдан бері атқарылып келе жатқан жұмыстардың нәтижесінде, ауданда 6 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталса, 34 млн. теңгеден астам айыппұл өндіріліп, ел қазынасына құйылған.

 Сарыағаш АІІБ мамандарының мәліметінше, биыл аудан бойынша шамамен тағы да 40 бейне бақылау камераларын орнату жоспарлануда. Жоғарыда айтылған құрылғыларды орнатуға жергілікті және облыс бюджетінен қаржы қаралған. Жұмыстарды биыл да жалғастыру мақсатында облыс қаржысынан 64 млн. теңге, аудан бюджетінен 50 млн. теңге қаралып отыр.

 

Барлық жаңалықтар