- Басты
- С.Абдрахманов: Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім бағдарламасы ұрпаққа жаңа жол ашады
С.Абдрахманов: Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім бағдарламасы ұрпаққа жаңа жол ашады

Елбасы жасаған қандай қадам да, Елбасы қабылдаған қандай шешім де ел мүддесін алыстан көздеудің келісті көрінісі. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты ел халқына Жолдауында оған дейін жария етілген «Нұрлы Жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы таратыла айтылды, деді Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахманов.
«Бұл бағдарламаның қай қырын алсаңыз да еліміздің алдынан шын мәнінде нұрлы жол ашып беретініне көз жеткіземіз. Бір ғана мәселені қозғай кетейік. Бағдарламада көлік тасымалдары жүйесі мен транзитті дамыту мақсатында республикалық маңыздағы 7 мың шақырымнан астам автомобиль жолдарын қайта жаңғырту, жолдарда ақы алу жүйесін енгізу жоспарланған. 2022 жылға қарай жол жүруден түскен алымдар шамамен 41 миллиард теңгені құрайтыны қазір айтылып жатыр. Сонда мұның өзі республикалық маңыздағы автожолдардың бүкіл жүйесін ұстауға жағдай жасайды екен», - деп атап өтті ол.
С.Абдрахманов атап өткендей, Қазірдің өзінде біздің біразымыз ақылы жолдармен жүріп көрдік, олардағы жол сапасы, қызмет деңгейі басқаша екендігіне көз жеткіздік әрі адамдардың разылығына да куә болдық. Әр адамға шаққанда жол жүру ақысы қалтаға бата қоймайды, ал бәрі жинала келгенде құралатын жаңағы 41 миллиард теңге әлгіндей жағдай жасайды
«Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселені де қатты қолға алып отыр. Елбасы Жолдауында: «Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын», деп қадап айтты. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы, қазір техникалық мамандықтардың күні туған заман, ерінбей еңбек еткен, жалықпай техника меңгерген адам озады, тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады, деді жастарға қарата. Бұл сөздің мән-маңызы тереңде жатыр. Үкімет Елбасы тапсырмасын ойдағыдай орындай алса, сөйтіп кәсіптік-техникалық білім иелерінің қадір-қасиеті артса, ата-аналардың ойындағы баласы міндетті түрде жоғары білім алып шықпаса көштен қалып қоятындай психология бірте-бірте жойыла бастаса, бұл бағдарламаға қатысу жастардың өмірінде кәдеге асатын арқаулық еңбек дағдыларын алуға жағдай жасайтын болады. Ал мұның өзі Президент Нұрсұлтан Назарбаев бәріміздің алдымызға қойған Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құруға бастайды»,- деп қорытындылады сөзін С.Абдрахманов.
Қанат Тұраров
Сурет жеке мұрағаттан алынды
-
Жаңа үкімет құрамы жасақталды
-
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы
-
Мәжіліс отырысы: Жаңадан сайланған халық қалаулылары ант беріп жатыр
-
Заңнамадағы жаңа түзетулер: Студенттерге мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді
-
Сайлау комиссиясының мүшелеріне арналған сабақтар қорытындыланды
-
Жаңа экологиялық кодекстің мүмкіндіктері мен ерекшеліктері
-
Балалар арасында мүгедектік азайту жолдары қаралды
-
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті
-
Парламенттегі әйелдер мен жастар үлесі: Жаңа Парламенттің жұмысы қалай болмақ

