Алматыда МЖӘ аясында мектеп, спорт кешені мен балабақша салынады

8 Ақпан, 2016 09:58
Алматыда мектеп, спорт кешені мен балабақша бизнестің жоғары әлеуметтік жауапкершілігің арқасында пайда болады. Алматыда 2,6 млрд теңге көлемінде қаржыға екі әлеуметтік нысандарды салу жөніндегі меморандумға қол қойылды, деп қалалық әкімдікте хабарлайды.

Осылайша, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Бостандық ауданында спорт кешені болады, Медеуде мектеп және Наурызбай ауданында балабақша пайда болады.

«Біз  кәсіпкер-қауымдастықтарды қаланың әлеуметтік сұрақтарына қатысуға шақырамыз. 2015 жылы әлеумікттік нысаналарды құру үшін кәсіпкерлік  субъектілермен қоғамдық ұйымдармен бірқатар келісімдерге қол қойдық. Н.Назарбаев айтып кеткендей: «Біздің елімізде 2050 Стратегиясының дамуы мен әлемнің дамыған 30 елдің қатарына кіру  және кәсіпкердің дамуы бірінші орында тұр. Осы айтылған тапсырмаларды орындау үшін бізге шоғырлану қажет»,-деді қала әкімі Бауыржан Байбек.

МЖӘ аясында барлық нысаналардың құрылыс жұмысы Алматы қаласында құрылыс жұмыстарын 2020 жылға дейін іске асыру бағдарламасын ескере отырып жасалуда. Ал нақты негіз «Әлеуметтік бағдарланған қала» құжатына жасалған.

«Біз талай рет әлеуметтік бағдарламаларды қолдап, аталмыш бағдарламаларда қатысуға тырысамыз. Біздің алдымызда үлкен мақсат тұр-қоғамға пайдалы болуымыз керек, біз жаңа бағдарламаларды енгізуге дайынбыз: мектептер, балабақшалар, ауруханалар салу және т.б. Бізге баңа бағыттар өте қызық»,-діді кәсіпкер.

Барлық жаңалықтар