Алматы облысында жаңа Салтанат сарайы ашылды (ФОТО)

8 Ақпан, 2016 09:42
Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласында «Жар-жар» аталған Салтанат сарайының ашылуы өтті.

Осы күні жаңа ғимаратта алғашқылардың бірі болып Бәкіржан Жандос пен Жантас Томирис өз некелерін қиды. Салтанатты шараға орай аудан тұрғындарының қуанышын бөлісуге Алматы облысының әкімі Амандық Баталов  арнайы қатысты.

 «Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қанатты  сөз бар. Адамның өміріндегі ең қуанышты ғұмыры осы отбасында өтіп жатады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Отанға деген махаббат - отбасына деген махаббаттан бастау алады, сондықтан да отбасы – аға буын мен кіші буынды жалғастырушы, олардың рухани және мәдени құндылықтарын сақтаушы басты тетік», - деген болатын. Талай жас отбасылардың бақытты ғұмыры осынау сәні мен көркі жарасқан Салтанат сарайынан бастау алатындығына, өз кезегінде дәл осындай зәулім ғимаратта некесін қидырушы әрбір жұптың үйлену тойынан алар әсері еселене түсетіндігіне сенім білдіремін. Үстіміздегі жылы облыс орталығы Талдықорған қаласында да жаңа Салтанат сарайының құрылысы басталады», - деп ойын тарқатты А.Баталов.

 

Барлық жаңалықтар