- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында 20 мың тонналық жеміс-жидек сақтайтын қойма құрылысын салу көзделіп отыр (ФОТО)
Алматы облысында 20 мың тонналық жеміс-жидек сақтайтын қойма құрылысын салу көзделіп отыр (ФОТО)
Облыс әкімі бақ өсіру ісін дамытуға айтарлықтай үлес қосып отырған «Жаркент фрукт» ЖШС-ның бағында болып, жұмысымен танысты. Аралау барысында облыс басшысы бастаған делегация алманың жас көшеттерін отырғызды.
Бақты өсіру үшін жалпы көлемі 1117 га жер бөлінген. Мұнда алмадан бөлек, 370 гектарға – шие, 61 гектарға шабдалы, 32 гектар жерге өрік егілді.
Мамандардың айтуынша, жоба іске қосылғанда 500 адамға тұрақты жұмыс орны ашылып, 1000 адамға маусымдық жұмыс беріледі. Бүгінгі күнге ауыл шаруашылығына арналған әртүрлі 50 техника сатып алынған. Алдағы жылдарда қосымша инвестиция тартылып, 20 мың тонналық жеміс-жидек сақтайтын қойма құрылысын салу көзделіп отыр.
- Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеттерінің бірі – алма бақтарын қалпына келтіру және дамыту ісі болатын. Осы тапсырмаға орай атқарылып жатқан шаралардың біріне куә болдық. Инвестиция тарту арқылы жаңа технологиямен жұмыс істейтін осындай заманауи бақтарды дамытуға біз мемлекет тарапынан тиісінше қажетті қолдаулар көрсететін боламыз, - деді А. Баталов.
Сапар барысында делегация «Байсерке Агро» ЖШС-ның «Кибанагро» жылыжайына барды. 4 гектар жылыжайда жылына мың тоннадан астам қызанақ өсіруге мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар серіктестік құлпынай өсіруге ден қойып, ол үшін арнайы 1 гектарлық жылыжай салған.
60 жұмыс орнын ашқан жылыжай жобасының жалпы құны 1,9 млрд. теңгені құрайды.
Облыс әкімі жұмыс сапары барысында Панфилов ауданының әкімі Б. Абдулдаевтың есеп беру жиынына қатысты.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты