• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Сәрінжіпов: ҚР-ның VI Қысқы Универсиадасының ашылуы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаралардың өтуіне бастама берді

А.Сәрінжіпов: ҚР-ның VI Қысқы Универсиадасының ашылуы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шаралардың өтуіне бастама берді

6 Ақпан, 2016 16:04
«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплині кешенінде Қазақстан Республикасының VI Қысқы Универсиадасының ашылуына арналған орасан зор ойын-сауық шаралары өтті, деп ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Ашылу салтанатына мыңға жуық спортшылар мен әртістер қатысты, ал трибунаға 5000-нан аса көрермендер, ҚР әртүрлі университеттерінен келген студенттер жиналды. Салтанатты рәсімінің ресми бөлімінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов сөз сөйледі. Ол бұл Универсиаданың кең ауқымдылығын және Қазақстанның барлық өңірлері командаларын ұсынғандықтан студенттердің спортты белсене қолдайтындығын:

«Бұл спорттық мерекемен біз Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арналған іс-шараларға бастау береміз. Бұл Универсиаданың жеңімпаздары Қазақстан студенттерінің құрама командасына кіреді және келесі жылы Алматыда Бүкіләлемдік студенттер жарысына қатысып жеңістерге жетеді. Осындау кең ауқымдағы іс-шара жастар спортының дамуына үлкен үлес қосады. Студенттер үшін бұл  - үлкен спорттық мереке, Алматыны, біздің тамаша спорттық кешендерді  және басқа өңірлерден келген замандастарын көруге, достасуға мүмкіндік. Жеңіске деген жігерлік таныту» - екендігін атап өтті.

Салтанатты іс-шараның барысында кең ауқымды театрландырылған қойылым болды, Республиканың барлық өңірінен келген спортшылар сап түзеу барысында өздерінің формалары мен университеттерінің туларын көрсетті.

Алғаш рет олимпиада ойындарының тарихында қолында факельмен трамплиннен түскен шаңғышы Шыңғыс Қалықов Универсиада алауын әкелді.

ДШҰҒПО 2000 жылы құрылған мерзімінен бастап Қазақстан Республикасы ЖОО студенттері арасында 5 қысқы Универсиаданы өткізгендігін ескертеміз. Барлық ЖОО-лар өздерінің ең үздік спортшыларын осы жарысқа қосады.

Универсиаданың ақтық мәресінің бастауы 14 000 студент қатысқан жоғары оқу орны ішіндегі жарыстар. Осы жылы ақтық жарыста еліміздің 35 университетінен 895 студент өз шеберліктерін көрсетеді.

Универсиаданың бағдарламасына 6 спорт ғимаратында өтетін спорттың  10 түрі кіреді.

 

Барлық жаңалықтар