Қазақстанда сайлауға дайындық науқаны жақсы өтуде

6 Ақпан, 2016 16:12
ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихат сайлауына дайындық жұмыстары жақсы өтуде. Саяси партиялар сайлауалды шараларын өткізуде, Орталық сайлау комиссиялары мен аймақтық комиссияларда кандидаттарды тіркеу жұмыстары атқарылуда, әр елдің саясаттанушылары Қазақстанның жаһандық шындыққа берген шынайлығына баға беруде. Бұл біздің қоғамда тұрақтылықтың орнықтырды.

Парламенттік сайлауға қатысатын саяси партияларға Қазақстанның Біріккен әлеуметтк-демократиялық партиясы қосылуы ықтимал, деп Орталық сайлау комиссиясының  мүшесі Марат Сәрсембаев айтып өтті.

«Алда болатын сайлауға алты партия қатысатын болады, Ол «нұр Отан», «Ауыл», Қазақстан коммунистік халық партиясы, «Ақ жол», «Бірлік».  Соынмен қатар Қазақстанның Біріккен әлеуметтк-демократиялық партиясы да қатысады деген ойдамыз. Олар бізге тізімдерін әлі берген жоқ, бірақ оларды  қатысады деген болжамдамыз»,- деп ҚР ОСК хабарлады.

М.Сәрсембаевтың айтуынша , Қазақстанға сайлаудағы ерікті таңдау мағызды болып келеді. Оның айтуы бойынша, Австралия, Белгия, осы уақытқа дейін Нидерландыда дауыс беру міндетті болды. Егер дауыс беруге келмеген жағдайда айыппұл төленді.

Сондай-ақ, ҚР ОСК партиялық тізіміне «Бірлік» партиясы тіркелді. Оның құрамында 8 адам.

«Бірлік» партиясынан 8 адам ұсынылды оның бәреуі әйел адам. Олардың барлығы жоғары білімді: техникалық, заңгерлік, экономикалық, философиялық, журналистік және олардың ішінде 4 ғылым кандидаты мен бір профессор. Кандидаттардың орта жасы 59»,- деп «Бірлік» партия төрағасының орынбасары Төлеген Қуанышев айтып өтті.

Олардың айтуынша, кандидаттар Астана қ. , Жамбыл, Қызылорда, Ақмола облыстарынан ұсынылып отыр.

«4 кандидат бұған дейін еліміздің заң шығару органына сайланса, тағы 4 кандидат түрлі мемлекеттік қызметте болған және жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған»,-деді ол.

Қазақстандағы саяси үдерістерді сөзге ала отырып, ресей политологы, Орталық Азия елдерінің сарапшысы Дмитрий Верхотуров Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында атқарушы органдарға бірталай жұмыс жасау керектігін айтып өтті.

Данияр Қасымов, Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар