М.Әбенов: Кадрларды дайындамай экономиканы дамыту мүмкін емес

6 Ақпан, 2016 14:39
Президенттің Жолдауындағы басты қозғалған тақырыптың бірі жастарға кәсіптік білім беру болды. Бүгінгі таңда ол талқыға салынып жатқан сұрақтың бірі. Өйткені кадрларды даярламай экономиканы дамуыту мүмкін емес, деп «Серпін» Ұлттық біліктілікті жоғарылату орталығы» АҰ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Президенттің Жолдауындағы басты қозғалған тақырыптың бірі жастарға кәсіптік білім беру болды. Бүгінгі таңда ол талқыға салынып жатқан сұрақтың бірі. Өйткені кадрларды даярламай экономиканы  дамуыту мүмкін емес, зауоттар, фабрикалар құруға болады, ақша салып, жабдықтарды сатып ауға болады»,-деді М.Әбенов.

Оның айтуынша, кадрларды дайындау бүгінгі күні негізгі сұрақ болып келеді.

«Қазақстанда үлкен айырмашылықтар болатын кездер болады,  еліміздің 5 аймақтарында еңбек қорларының артылуы, 9- еңбек қорларының болмауы. Бұл жағдайларды шешу үшін еібек қорының ішкі көшіп-қонуына мүмкіндіктер жасау керек, екіншіден-көшірілген кадрлар дайын болуы тиіс. Бүгінгі күні осылардың барлығын біріктіретін тапсырмалар тұр»,-деді ол.

Осылайша, М.Әбенов Президенттің Жолдауы жастарға еліміз үшін керекті мамандықтарды таңдауға септігін тигізеді.

Естерінізге сала кетейік, Президент Н.Назарбаев 2015 жылдың 30 қарашсындағы Жолдауында 2017 жылдан бастап «Барлығына тегін  кәсіби- техникалық білім беру» бағдарламасын іске асырады.

Ботагоз Айтжанова

Жеке мұрағаттан алынған сурет

Барлық жаңалықтар