ОСК «Ауыл» ХДПП-ның партиялық тізімін тіркеді

6 Ақпан, 2016 15:42
Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» халықтық-демографиялық патриоттық партиясының партиялық тізімін тіркеді.

Орталық сайлау комисиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов ОСК отырысына қатысқан «Ауыл» ХДПП төрағасы Ә.Бектаевқа Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат куәлігін тапсырды.

«Әрбір саяси партия үшін сайлауалды жұмыстарды бастау алдында ОСК-да партиялық тізімді тіркеу өте маңызды болып табылады. Себебі, осыдан кейін негізгі жұмыстар басталады, яғни, сайлауға дайындық, насихат жұмыстары. Сайлауалды жұмыстардың барлығы осы тіркеуге байланысты болғандықтан, біз, шыны керек, осы сәтті асыға күттік. Тиісті өз кандидаттарымыздың құжаттарын толыққанды тапсырдық», – деді Ә.Бектаев.

Төрағаның айтуы бойынша, партия  сайлау қызметінде заң шеңберінде жұмыс істейтін болады.

«Өздерініз білетіндей съез барысында 19 кандидатты ұсындық. ОСК біздің партиялық тізімді тіркеді. Ол 19 адамнан тұрады. Олардың барлығы жоғары оқу орындарында оқыған. 11-ауыл шаруашылық мамандығы, 5-і ғылым докторы, 3-і ғылым кандидаты, біреуі мемлкеттік сыйлықтың лауреаты»,-деді А.Бектаев.

Партия төрағасы ауыл шаруашылық және ауыл тұрғындарының болашағы партияның негізгі бағдарламалық мақсаттарының бірі екенін айтып, ауыл шаруашылық пен агроөнеркәсіп кешенін дамыту ел экономикасы үшін аса маңызды сала екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, партиялық тізімдер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың ОСК бекіткен жоспарына сәйкес апартиялық тізімдерді ұсыну 8 ақпанда, ал тіркеу 19 ақпанда аяқталады.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар