• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша халықаралық конференция өтеді

Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша халықаралық конференция өтеді

13 Қараша, 2013 11:20
Астанада «Жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өзекті сұрақтары мен экономикалық қауіпсіздік» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп Экономикалық сыбайлас жемқорлыққа күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Конференцияда халықаралық қарым-қатынастың сұрақтары мен заңнаманың жетілуі, мемлекеттік саясат, кәсіпкерлік секттордың дамуы, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  мәселелері талқыланады», - деп хабарламада нақтыланады.

Шетел және отандық мамандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес  бойынша тәжірибе алмасып, жүргізілетін жұмыс жоспарының жетілдіруін талқылайды.

Сондай-ақ, конференция ұйымдастырушылары ретінде Экономикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  агенттігінің өкілдері мен ЕЫҚҰ орталығы, Қаржы полициясы  академиясының мамандары сөз сөйлейді.

 

Барлық жаңалықтар