• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Күнбаева: Ақтөбе облысында сайлау науқанына дайындық ҚР ОСК-нің күнтізбелік жоспарына сәйкес жасалуда

Г.Күнбаева: Ақтөбе облысында сайлау науқанына дайындық ҚР ОСК-нің күнтізбелік жоспарына сәйкес жасалуда

6 Ақпан, 2016 14:58
Ақтөбе облысында ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихат сайлауында болатын мерзімінен бұрын сайлауға дайындық ҚР Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспары бойынша жүргізілуде. Бұл жөнінде Ақтөбе облысының сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнәр Күнбаева Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық пен өткізу туралы күнтізбелік жоспарға сәйкес сайлау 2016 жылдың 20 наурызында өткізіледі. Жұмысқа 14 аумақтық: облыстық, қалалық және 12 ауданыдық, 204 округтік сайлау комиссиясы, 31-облыстық депутаттық сайлауда, 23-қалалық және 150-аудандық мәслихат кірісті. Облыстың атқарушы органдарымен округтук және аумақтық комиссияға қамтамасыз ету және жабдықтау жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ материалды-техникалық жабдықтау сұрақтары шешілуде.  Сайлауға бір ай қалғанда учаскілік сайлау комиссиясы жұмысын бастайды»,-деді Г.Күнбаева.

Осылайша, сайлау науқанында 744 сайлау комиссиясы қатысады, олардың құрамына 5 208 адам кірді.

«Сайлау тағайындалған күннен бастап аумақық комиссия мәслихаттардың аудандағы бос орын ұсыныстарын қарастырып, учаскілік комиссия, заңнамалық сайлауға сәйкес ұсынылған кандидаттарды тағайындады. «Ақтөбе» облыстық газеттерінде, «актюбинский вестник», айдандық газеттерде сайлау комиссиясы учаскілері мен округтардың аумағы, құрамы, аумақтық, округтік, учаскілік сайлау комиссияларының орындары жарияланды»,-деді Г.Күнбаева.

Айта кететін жайт, атқарушы органдармен сайлаушылар тізімін нақтылау жұмыстарын жүргізу жалғасуда. 2016 жылдың 1 қаңңтар жағдайына орай сайлаушылар саны 475 447 адам болды.

«Ақтөбеде жаңа тұрғын үй құрылысынң салынуына орай, сайлаушылардың барынша ыңғайына орай 8 жаңа сайлау учаскісі салынды. Облыс бойынша барлығы 526 сайлау учаскісі бар. Күнтізбелік жоспар бойынша сайлауға 20 күн қалғанда сайлау учаскілері сайланушылардың тізімін алады»,-деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Жеке мұрағаттан алынған сурет

 

Барлық жаңалықтар