• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылдың 14 наурыз айында халықаралық бақылаушылардың аккредитациясы тоқталады- ҚР ОСК

2016 жылдың 14 наурыз айында халықаралық бақылаушылардың аккредитациясы тоқталады- ҚР ОСК

6 Ақпан, 2016 14:01
Халықаралық бақылаушылардың аккредитациясы 2016 жылдың 14 наурызында тоқтайды. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Татьяна Охлопкова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«ТМД мен ШЫҰ президенттік, парламенттік және референдумдерге бақылау жасауға құқылы. Халықаралық миссия сайлауды бақылау кезінде үкіметаралық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың және ассоциацияның  күші болып табылады.  Оның барлығы сайлаулар мен референдумдарда халықаралық бақылауды  жүзеге асыру үшін жасалады.  Көпмерзімді бақылаушылар миссиясы ереже бойынша сайлауға бір ай қалғанда келеді, ал қысқа мерзімді бақылаушылар 5 күн қалғанда»,-деді Т. Охлопкова.

Сондай-ақ халықаралық бақылаушылардың аккредитациясы 2016 жылдың 14 наурызында тоқталатындығын айтып өтті.

Сонымен қатар, сайлау комиссиясы, мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары халықаралық бақылаушылар мен шет елдің БАҚ өкілдеріне өз құзыреті шегінде көмек көрсету керек.

«ҚР сайлау туралы конституциялық заңында халықаралық бақылаушылар мен шет елдің БАҚ өкілдеріне кең құқықтар қамтамасыз етілген. Олар барлық сайлау үрдісінде қатыса алады, сайлауға деген дайындықтар мен өткізу науқанына байланысты сайлау комиссияларынан ақпарат ала алады, сайлау ұйымдастырушыларымен кедесе де алады»,-деді Т. Охлопкова.

Ботагөз Айтжанова

Жеке мұрағаттан алынған сурет

Барлық жаңалықтар