• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан және Түркия Үкімет басшылары сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты кеңейту келешегін талқылады

Қазақстан және Түркия Үкімет басшылары сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты кеңейту келешегін талқылады

6 Ақпан, 2016 14:32
Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Түркия Премьер-Министрі Ахмет Дәуітоғлымен кездесу өткізді, деп ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Келіссөздер барысында әр түрлі салада екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады, сонымен қатар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Көбінесе үкімет басшысы сауда саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, экономикалық, көлік және логистика болашағы, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық салаларын қарастырды.

К.Мәсімов пен А. Дәуітоғлы елдеріміз арасындағы әріптестіктің жоғары деңгейін айтып, мемлекетаралық қарым-қатынастардың барлық  спектрі бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін растайды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар