• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Байгенжин: «Міндетті медициналық сақтандыру» ҚР Заңы елдің денсаулық сақтау саласына сапалы өзгерістер енгізеді

А.Байгенжин: «Міндетті медициналық сақтандыру» ҚР Заңы елдің денсаулық сақтау саласына сапалы өзгерістер енгізеді

6 Ақпан, 2016 13:17
«Міндетті медициналық сақтандыру» ҚР Заңы отандық денсаулық сақтау саласына жаңа сапалы өзгерістер енгізеді, деп «Ұлттық ғылыми медициналық орталық»РМК директоры Абай Байгенжин Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айты өтті.

Естерінізге сала кетейік,  Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 80-ші қадамы мемлекеттің жауапкершелегі негізінде және жұмыскерлер мен азаматтардың міндеттік медициналық сақтандыруын нығайтуға бағытталған.

«Бұл жаңа сұрақ емес. Міндетті медициналық сақтандыру дегеніміз не? Менің ойымша ҚР әрбір азаматы өз денсаулығына жауап беру керек.Ал, жауап беру үшін, өзінің қандай да бір табыс көзін қорға салып отырса, оған осындай міндет пайда болады. Екіншіден- жұмыс беруші. Қазақстан бүгіндері нарықтық мемлекет, ал жұмыс беруші  мемлекет емес, ол жеке кәсіпкер. Ол қолайлы еңбек жағдайын қамтамасыз етіп, жұмыскерлердің уақытылы демалысқа шығуын қадағалау керек және тағы басқалар»,-деді А.Байгенжин.

Оның айтуынша, бүгінгі күні мемлекет әрбір азаматқа қаржылық жауапты монополияны өтеуі мүмкін емес. Еліміз конституциалдық кепілдікте болуы керек.

«Барлық заңнамалар, барлық құқықтық-нормалы актілер мемлекетпен жасалады. Ол мұндай мәселені жүзеге асыру үшін құқық үстемдігін қамтамасыз етеді. «Міндетті медициналық сақтандыру» заңы 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласының тәжірибесіне енгізілетін болады. Менің сенімім бойынша, бұл заң денсаулық сақтау саласына сапалы өзгерістер әкеледі»,-деді ол.

Айта кетейік,  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Міндетті медициналық сақтандыу» заңына 2015 жылдың 18 қараша айында қол қойды. Заңда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын коммерциялық емес акционерлік қоғам құру туралы айтылған.  Құжатқа сәйкес, 2017 жылдан бастап қорға берушілердің жарналары қызметкердің орташа айлық табыстың 2% -ды құрайды, 3 %-ы 2018 жылдан бастап, 4 %-ы-2019 жылдан, 5%-ы 2020 жылдан бастап.

Жарналарды төлеуден нақты азаматтардың катергориялары мен оралмандар,әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар төлемнен босатылады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар