• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Перуашев: Қазақстанда табылған табыс көзі республиканың экономикасын нығайтуға жұмсалу керек

А.Перуашев: Қазақстанда табылған табыс көзі республиканың экономикасын нығайтуға жұмсалу керек

6 Ақпан, 2016 10:29
Қазақстанда табылған ақша, біздің елде жұмыс істеуге қалып, республиканың экономикасын өркендеуіне күш салу керек, деп Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Қазақстан Президентінің Жолдауында өзіме таныс бірнеше мәселені шалдым. Біріншісі, Ұлттық банктен БЖЗҚ міндетін алуда. Біздер Ұлттық банктің болашақ зейнеткерлердің қорларын қалай басқарғандарын көрдік, қаражатты банктерге бөліп берді, ал олар өздерінің тиісінше сол қаражатты қолданды. Айта кететін жай, біз өзіміздің депутаттық өтінішімізде ҚР Ұлттық қорының міндетіне орай БЖЗҚ-ны басқармасын қайта құруды ұсындық және бұл жөнінде Мемлекет басшысы айтып өтті. Мен оған қатты қуаныштыын»,-деді ол.

Мемлекет басшысы көп жылдары бойы өткізіп келе жатқан бірыңғай тұжырымдамалық саясатына сүйене отырып, «Ақ жол » партиясы Қазақстанда  табыс тауып, елімізде жұмыс істеп, республиканың экономикасын нығайтуға еңбек ету керектігін айтып өтті.

«Табылған табыс тиімді болып, қосымша құн жасап, біздің елімізде қалу керек. Егер кәсіпкер адал түрде табыс тапса, ешқайссымыз оның шығынына шектеу қоя алмаймыз. Бірақ, барлықтарымыз көріп отырғандай әлем бойынша кіріс төмендеуде, инвестициялар күрделенген. Сол себепті басқа мемлекет сияқты біздің еліміз де жақсы табыс таба алады. Бір ғана мәселе , көп қаражаты барлар елден кетіп жатады. Алайда, Президент заңдастырылу болғаннан кейін, ол адамдарға күзеттік құжаттарын беріп, олардың қаржатына ешкім көз сала алмайтындықтарын айтты»,-деді А.Перуашев.

Естерінізге сала кетейік, мүлікті заңдастыру 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мемлекет басшысы 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауында құқықтық айналымының меншік пен ақша қаражатын қайтару үшін қосымша ынталандыру қабылдағандығын айтып өтті.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар