• Басты
  • Жаңалықтар
  • О.Әбдікәрімов: ИИДМБ отандық тауарлардың ДСҰ нарығына шығуына ықпал етеді(ВИДЕО)

О.Әбдікәрімов: ИИДМБ отандық тауарлардың ДСҰ нарығына шығуына ықпал етеді(ВИДЕО)

6 Ақпан, 2016 15:12
Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы отандық тауарларды Дүние жүзілік сауда ұйымына кіретін елдердің тауар нарықтарына шығуға септігін тигізеді, деп ҚР мемлекеттік қоғам қайраткері Оралбек Әбдікарімов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Дүние жүжілік сауда ұйымы бірінші кезекте Қазақстанда тауарлардың айналымына септігін тигізеді, алайда оның дамуына міндетті түрде сапалы өнімдер керек. Біз отандық өндірушілерге сапалы өнімдер шығарып, өзінің тұтынушысын таба алатындай тапсырмалар қойуымыз керек»,-деді А.Әбдікәрімов.

Сарапшының айтуы бойынша, егер айтылған шаралар болмаса, ДСҰ шет мемлекеттерге ғана жақсы тұсынан көрінетін болады.

«Индустриалды-инновациялы даму бағдарламасы жоғары технологиялық, сапалы өнімдер шығаратын кәсіпорындарды құруға негізделген. Ол үшін білімді адамдар керек»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының толыққанды 162-ші мүшесі болды. Аталмыш оқиға тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы маңызды кезең болып табылады.

 Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар