- Басты
- Жаңалықтар
- Д. Назарбаева: Қазақстанның білім беру жүйесі алдағы екі жылда үш тұғырлы тіл мәселесін шешуі керек
Д. Назарбаева: Қазақстанның білім беру жүйесі алдағы екі жылда үш тұғырлы тіл мәселесін шешуі керек
«Елбасы үш тұғырлы тіл мақсатын алға қойды – бұл біздің білім беру жүйесі алдағы екі-үш жылда шешуі керек мәселелердің бірі. Үш тұғырлы тіл болуы үшін біз ағылшын тілін үйренуіміз керек, оған білім ұйымдарының жетекшісінен бастап профессорлық-оқытушылық құрамға дейін қатысуы керек. Елдің әрбір азаматы үш тілді еркін білуге міндетті», - деді ол.
Д.Назарбаева атап өткендей, біздің болашақ ұрпаққа қытай тілін меңгеру де қажет екендігін айтты.
«Біз өз балаларымызды үш тілде білім алуға үйретуіміз қажет. Себебі, болашақта қытай тілін үйрену міндеті туады. Біздің ұлы оңтүстік көршілеріміз – біздің тағдырымыз. Қытай өте жылдам дамуда. Олар 100 жылдық оймен дамиды», - деді ол.
Д.Назарбаеваның айтуынша, Қытайға жаңа инвестицияларды Батыс Еуропа да әкелуде. Сондықтан да біздің өскелең ұрпақтың мансабын тілдің білуінсіз елестетеу мүмкін емес.
«Қытай – біздің жақсы досымыз, маңызды сауда серіктесі мен ел экономикасындағы ірі инвестор. Біздің балалар болашақта олардың зауыттарында қажетті болады. Сондықтан да жедел түрде мектептерге үш тұғырлы тіл жүйесін енгізу қажет. Мектептер тіл бойынша жекешеленуді алып тастау қажет», - деді Д.Назарбаева.
Айта кетейік, бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның қатысуымен ҚР БҒМ-нің коллегиясы өтуде. Кеңейтілген педагогикалық кеңестің басты талқыланған тақырыбы ҚР БҒМ-нің 2015 жылғы жұмыстарының қорытындысы мен ведомствоның алдағы жылға арналған міндеттері, халықаралық дәрежеде отандық білім жүйесінің көрсеткіші, сондай-ақ мектепке дейінгі, орта, техникалық, жоғары білім мен ғылым, балалардың құқығын қорғау мен жастар саясатының мәселелері талқылануда.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады