• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Сәрінжіпов: 2016 жылы Қазақстанда 69 мектептiң құрылысын аяқтау жоспарланып отыр

А.Сәрінжіпов: 2016 жылы Қазақстанда 69 мектептiң құрылысын аяқтау жоспарланып отыр

5 Ақпан, 2016 16:37
2016 жылы Қазақстанда 69 мектептiң құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жөнiнде ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Дариға Назарбаеваның қатысуымен өткен ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысында ведомство басшысы Аслан Сәрiнжiпов мәлiмдедi.

«Орта бiлiм беру саласындағы жұмыстар Ұлт жоспарының 77-қадамына сәйкес жүзеге асырылды және әкiмдiктер үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердiң көзiн жою бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Өткен жылы апатты мектептер желiсi 67-ге қысқарды және 2016 жылы тағы 69 мектептiң құрылысын аяқтау жоспарланып отыр», - дейдi ведомство басшысы.

А.Сәрiнжiпов бұл бағыттағы жұмыстарды министрлiк әкiмдiктермен бiрлесiп жүргiзуiн жалғастыра беретiнiн және жоспарға сәйкес 47 мың орынды балабақшалар енгiзiлетiнiн соның iшiнде жеке меншiк балабақшаларда жаңа орындар ашылатынын айтты.

Министр мектептердiң апаттылығы бойынша көрсеткiштер Шығыс Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында, ал үш ауысымды мектептер жайы Алматы облысында әлi де өзектi болып отырғанын айтты.

Айта кетейік, бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның қатысуымен ҚР БҒМ-нің коллегиясы өтуде. Кеңейтілген  педагогикалық кеңестің басты талқыланған тақырыбы ҚР БҒМ-нің 2015 жылғы жұмыстарының қорытындысы мен ведомствоның алдағы жылға арналған міндеттері, халықаралық дәрежеде отандық білім жүйесінің көрсеткіші, сондай-ақ мектепке дейінгі, орта, техникалық, жоғары білім мен ғылым, балалардың құқығын қорғау мен жастар саясатының мәселелері  талқылануда.  

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар