• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Нұр Отан» мәслихаттарға үміткерлерді іріктеу бойынша ішкі партиялық шараларды аяқтады

«Нұр Отан» мәслихаттарға үміткерлерді іріктеу бойынша ішкі партиялық шараларды аяқтады

5 Ақпан, 2016 16:04
«Нұр Отан» мәслихаттарға үміткерлерді іріктеу бойынша ішкі партиялық шараларды аяқтады. Іріктеуге 340 мың нұротандық қатысты. Бұл туралы партия хатшысы Қаныбек Жұмашев «Нұр Отан» партиясының баспасөз орталығында атап өтті.

Айта кетерлігі, 26 қаңтардан  бастап 4 ақпанға дейін ел бойынша 3,3 мың праймериз өткізілді.

Айта кетейік, праймериз – ішкі партиялық сайлау, оның қорытындысы бойынша мәслихатқа бірыңғай депутаттар таңдалып алынады. Ішкіпартиялық шараның мақсаты негізгі сайлауда салиқалы сайлауды қамтамасыз етуге жол ашу.

«Ішкіпартиялық сайлауға 340 мың нұротандық қатысты. Олар 3 335 партиялық ұйымдарда өткізілді. Праймериздің басты мақсаты біріншілік партия ұйымынан бірінші тұлғаны ұсыну», - деді Б.Жұмашев.

Праймериз кезінде бір депутаттық мандатқа екі үміткер, екі формат бәстеседі. Бұл сайлаушылардың жинағы. Барлық шаралар «Нұр Отан» партиясының қаулысына сай өтті.  

 

Барлық жаңалықтар