ОСК «Ақ жол» партиясының партиялық тізімін тіркеді

5 Ақпан, 2016 15:26
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді.

«Қарауға «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеу жобасы енгізілді. Қаулы жобасына сәйкес – «Ақ жол» ХДП тізімін тіркеу, Парламент Мәжілісінің  депутаттығына үміткерлерге арналған сәйкес куәлік беру қажет. Партиялық тізіміде 35 үміткер бар, олар  ҚР Конституциясының сайлау туралы заңына сәйкес тексерілді. Кандидаттардың барлығы тәртіптерге сай келеді», - деді ҚР оСК хатшысы Бақыт Мелдешев.

Оның айтуынша, депутаттыққа кандидаттар мен олардың жұбайларының салықтық декларациясы уақытылы тапсырылған және Бас Прокуратура тарапынан да ешқандай сын-ескертпе болмаған.

Орталық сайлау комиссиясының отырысына қатысқан «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың куәлігі тапсырылды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар