• Басты
  • Жаңалықтар
  • Р.Пак: Жаңартылған депутаттық корпус халық алдында қойылған тапсырмалардың жаңа көрінісін әкеледі

Р.Пак: Жаңартылған депутаттық корпус халық алдында қойылған тапсырмалардың жаңа көрінісін әкеледі

5 Ақпан, 2016 15:59
Жаңартылған депутаттық корпус халық алдында қойылған тапсырмаларды орындау кезінде жаңа көрініс әкеледі. Бұл жөнінде ОҚО-ның корей этномәдени орталығының төрағасы Роза Пак Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.

«Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру кезінде, елімізге жаңғырту  жүргізу барысында халықтың қолдауы керек. Партия съезі барысында сайлауалды бағдарламасын қабылдап, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында бес институционалды реформаны жүзеге асыру жолында дағдарысқа қарсы қадамдарды іске асыруға бағытталған»,-деді ол.

Оның айтуынша, жаңартылған депутаттық корпус халық алдында, партия мен Үкімет, сондай орталық жұмыстың дағдарысқа қарсы әрекеттеріне қойылған тапсырмаларды орындау кезінде жаңа көрініс әкеледі.

«Менің ойымша, оңтүстік қазақстандықтар сайлауға белсене қатысады. Өйткені әрбір қазақстандықтың шешіміне орай бейбітшілік пен қоғамның тұрақтылығы көрінеді»,-деді Р.Пак.

Естерінізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 20 қаңтар айында  ҚР параментінің 5 шақырылым депутаттарын тарату мен төмеңгі Палатада 2016 жылдың 20 наурыз айында мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар