- Басты
- Жаңалықтар
- Кадеттер әскери қызметшілермен иық тіресіп оқ ату даярлығынан өтті (ФОТО)
Кадеттер әскери қызметшілермен иық тіресіп оқ ату даярлығынан өтті (ФОТО)
Оқ ату ЖӘЖМ-2, РПГ-7В, АГС-17 және АК-74 атыс қаруынан өткізілді. Командирлер мен жетекшілер «Жеке дара даярлық» тақырыбы бойынша өздерінің бағыныстыларын оқытып-үйретті. Әскери тағылымдамаға келген ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының тәрбиеленушілері қомақты үлес қосқанын айта кеткен жөн. Кадеттер қолданыстағы әскери қызметшілермен бірдей барлық іс-қимылдарды пысықтап, дайындықтан өтті.
Олар үшін бұл жаңа практикалық тәжірибе және жарты жылдан кейін олардың әрқайсысы өз қызметін бастауға кірісетін ҚР ҚК әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде нағыз қызметті көрудің алғашқы мүмкіндігі.
«Біз дайындығымызды барлық бағыттар бойынша көрсетеміз, практикалық дағдыға үйренеміз, көп нәрсе білеміз. Сарбаздармен, келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жұмыс жасаймыз, оқу нүктелерінде сабақтар өткіземіз», - деді ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының 2-курс кадеті Руслан Бекенов.
ҚР ҚК «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының әскери бөлімдерінде, Аэроұтқыр әскерлерінде үш ай бойы ҚР ҚМ Кадет корпусының оқу бағдарламасына сәйкес бітіруші роталары кадеттерінің әскери тағылымдамасы өткізіліп жатқанын естеріңізге сала кетейік. Кадеттер мотоатқыш және десанттық-шабуылдау бөлімшелері, теңіз жаяу әскерлері бөлімшелерінің командирлері, танк командирлері лауазымдарында тағылымдамадан өтуде. Әскери тағылымдама барысында кадеттер жеке құрамды басқаруда, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды, бөлімшелер мен взводтардың жауынгерлік оқ атуларын өткізуде, ұрысты тексеру мен атыс қаруын қалыпты ұрысқа келтіруде практикалық машық алады. 200-ге жуық кадет лауазымдық міндеттерді өздігінен орындауда практикалық тәжірибе жинақтайды, бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін ұстап тұруда, жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыруда, далалық дағдыда, жауынгерлік және арнайы даярлық бойынша сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуде шеберліктері мен практикалық дағдыларын жетілдіреді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр