Батыс Қазақстан облысы Ресеймен тауар айналымын құруда

13 Қараша, 2013 10:50
Батыс Қазақстан облысының көршілес Ресей Федерациясымен арадағы тауар айналымы 25%-ға өсті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Облыс әкімі мен Ресей Федерациясының бес облысы (Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара мен Орынбор) және Татарстан Республикасы арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени әріптестік туралы Келісімге қол қойылып, іске асырылуда», - делінген хабарламада.

Облыстың өндірістік кәсіпкерлігі  Ресей Федерациясы кәсіпкерлігімен арада кооперацияны кеңейтпек.

Баспасөз қызметі облыс басшысы Нұрлан Ноғаевтың: «Қазармапром» АҚ-ның өндіріс тауарының негізгі бөлігі (борланған шар) ұзақ уақыттық келісімшарт бойынша Стойлин кен байыту комбинатына жеткізіледі. Орал механикалық зауытының иінді бірліктері ресейлік тауар өндірушілердің қажеттілігіне ұсынылады. «Батыс Қазақстан машина құрастыру зауыты» АҚ мұнай-газ қондырғыларын, «Зенит» АҚ мен «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ қайық өнідру үшін ресейлік әріптестерінен кешенді материалдар сатып алады», - деген сөзін жеткізеді.

Облыс басшысының айтуынша, аталмыш кәсіпкерліктер тарапынан инженерлерді қондырғылар дайындау зауыттарына оқуға жіберілуде. Мысалға, «Батыс Қазақстан машина құрылысы компаниясы» АҚ мамандары әуеқозғалтқыштарын жөндеу жобасын жүзеге асыру аясында «Салют» газ трубаларын орнату ғылыми-техникалық орталығы» унитарлы федералды мемлекеттік кәсіпкерлігі базасында біліктіліктерін арттырды. Биыл «Зенит» Орал зауыты» АҚ-ның бірқатар мамандары «Морская техника» компаниясы базасында Санкт-Петербургте оқытылды.

 

Барлық жаңалықтар