• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Молдабеков: Жастарды елдің болашағы үшін конституциялық құқытарын қолдануға шақырамын

Б.Молдабеков: Жастарды елдің болашағы үшін конституциялық құқытарын қолдануға шақырамын

5 Ақпан, 2016 15:49
Жастарды елдің болашағы үшін конституциялық құқытарын қолдануға шақырамын, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «Жас Отан» ОҚОФ төрағасы Бауыржан Молдабеков.

«Съезде мен Оңтүстік Қазақстан облысының жастарын таныстырдым. Бұл мен үшін ерекше оқиға. Кеңес барысында елдің гүлденуіне бағытталған  жаңа бағдарлама қабылданды», - деді ол.

Б.Молдабеков айтқандай, аталмыш сайлау – әрбір қазақстандық үшін елінің гүлденуіне үлес қосуға мүмкіндік алады.

«Мен елдің барлық жастарын елдің болашағы үшін конституциялық құқытарын қолдануға шақырамын», - деді ол.

Айта кетейік,  Астанада 29 қаңтарда   партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астанада Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVII съезі өз жұмысын бастады.

Съезде партияның «Қазақстан - 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданады. Аталған құжат бес институционалдық реформа шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттары ескеріле отырып әзірленген.

Партияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлердің партиялық тізіміне 127 адам еніп отыр. Олардың қатарында республикаға белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен өнер иелері бар

Индира Кауметова

Сурет жеке мұрағаттан алынды 

 

Барлық жаңалықтар