- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жұмыссыз статусын беру үрдісін өзгерту ұсынылуда
Қазақстанда жұмыссыз статусын беру үрдісін өзгерту ұсынылуда
«Жұмысқа орналасу мақсатымен жұмыспен қамту орталығына хабарласқан жеке тұлғаға ең алдымен жұмыс іздеуші адам статусы беріледі. Жұмыс іздеп келген азаматқа 10 күнде нарықтағы бос орындар ішінен тиісті жұмыс орнын іздеуге көмек көрсетіледі. Егер осы уақыт аралығында көзделген жұмыс табылмаса, бұл адамға жұмыссыз статусы беріліп, жұмыс іздеуші жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға жіберіледі, сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемақы тағайындалады», -деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов. Ол халықты жұмыспен қамту орталығы әрбір жұмыссыз азамат үшін жұмысқа орналастыру жеке картасын жасайтынын да хабарлады.
Ұсынылып отырған тәсіл жұмыссыздарды немқұрайлы тіркеуді болдырмауға, олардың жауапкершілігін арттыруға негізделген. Жұмыспен қамту мәселелерінде тек мемлекет қана емес, жұмыссыз азаматтар да мүдделі болып, белсенділік танытулары керек.
Оның айтуынша, еңбек нарығындағы өңірлік сәйкессіздіктерді жою мақсатында Заң жобасында әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді-мекендердегі азаматтарды жұмыс берушінің талаптарына сай әлеуеті жоғары елді-мекендерге, сонымен қатар, «Көші-қон туралы» ҚР Заңына сәйкес, аймақтық қоныс аударушыларға берілетін квоталар аясында ҚР Үкіметі белгілеген аймақтарға тұлғаларды жұмыспен қамту мақсатында ерікті қоныс аудару ісін жандандыруға негізделген жаңа шара қарастырылған.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай